СТУДЕНТТЕР МЕН ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫҢ «МӘДЕНИЕТ ПЕН ТІЛДЕРДІҢ ӨЗАРА ҚАТЫНАСЫНДАҒЫ АУДАРМАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТ» АТТЫ I ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯ ЖҰМЫСЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАДЫ

Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

ЖАЛПЫ ТІЛ БІЛІМІ ЖӘНЕ АУДАРМА ТЕОРИЯСЫ КАФЕДРАСЫ

 

СТУДЕНТТЕР МЕН ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫҢ

«МӘДЕНИЕТ ПЕН ТІЛДЕРДІҢ ӨЗАРА ҚАТЫНАСЫНДАҒЫ АУДАРМАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТ»

АТТЫ

I ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯ ЖҰМЫСЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАДЫ

 

26 СӘУІР 2018 ж

Астана қаласы

 

Конференцияның тақырыптық бағыттары

 

  1. Аударманың әдіснамасы мен дидактикасы
  2. Көркем аударманың теориясы мен практикасы
  3. Ақпаратты аударманың теориясы мен практикасы
  4. Аударманың лингвистикалық аспектілері
  5. Аудармашының тілдік тұлғасы

 

Конференция жұмысына қатысу шарттары

 

Аталған конференцияға қатысу үшін 2018 жылдың 20 сәуіріне дейін электронды нұсқада өтініш, баяндама мәтіні мен ғылыми жетекшінің рецензиясы (ғылыми жетекшінің қолы жұмыс орындалған мекеменің мөрімен расталуы керек) жіберілуі қажет. Жіберілген файлдардың атауы ретінде секция нөмері мен автордың аты-жөні көрсетілуі тиіс. Мысалы, 2_Мақала _Омаров А.А., 2_Өтініш_Омаров А.А., 2_Рецензия_Омаров А.А.

 

Жіберілген барлық материалдар кафедра мамандарының сараптамасынан өтеді. Өзектілігі, зерттеу жаңалығы жоқ, бөгде адамдардың ғылыми зерттеулерінің фрагменттері (плагиат) пайдаланылған материалдар конференция жұмысына қатыстырылмайды.

 

Пленарлық және секциялық отырыстарға қатысушылардың тізімі берілген конференция бағдарламасы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ сайтында (www.enu.kz) беріледі және бұл бағдарлама конференцияға шақыру болып табылады. Сонымен қатар конференция жұмысына қатысуға өтініш білдірушілердің электронды пошталарына шақыру хаттары жіберіледі. Материалдар конференция жұмысына дейін жарияланады.  

 

Мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар (1 қосымшаға сәйкес)

 

1. Мәтін көлемі 3-5 беттен аспауы тиіс, жұмыс тілдері қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде Times New Roman, KZ Times New Roman 14 шифрмен теріліп, RTF форматында сақталуы тиіс.

2. Беттің параметрлері: жоғары жағы – 2 см, сол жағы – 3 см, оң жағы – 1,5 см, төменгі жағы – 2см. Абзац – 1,25, жоларалық қашықтық – 1.

3. Мақала жазу барысында төмендегі жоспар басшылыққа алынуы керек:

  • Тегі, аты, әкесінің аты, e-mail
  • Оқу орны, ғылыми атағы (бар болса)
  • Қаласы, мемлекеті
  • Ғылыми жетекшінің тегі, аты, әкесінің аты
  • Мақала атауы (жолдың ортасында бас әріптермен, нүкте қойылмайды)
  • Қысқаша түйіндеме (3-5 сөйлем) және тірек сөздер (3-5 сөз) болуы керек, егер мақала ағылшын тілінде жазылса, тірек сөз орысша немесе қазақша беріледі, ал егер мақала орысша немесе қазақша жазылса, тірек сөз ағылшын тілінде беріледі.
  • Мақала мәтіні
  • Пайдаланылған әдебиеттер

4. Қысқартылған сөздер мен шартты белгілер бірінші рет айтылған жерден бастап қолданылады. Мәтінде типографиялық жақша («») қолданылуы тиіс.

5. Пайдаланылған әдебиеттер сілтемесі тік жақшада, қолданылу ретіне сай белгіленеді. Мысалы, [1, б. 15-17].

6. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақала мәтінінің соңында айтылу ретіне қарай рәсімделеді: автор (Т.А.Ә.), мақала атауы, пайдаланылған әдебиет атауы (жинақ, журнал және т.б.), басылған жері (қаласы мен баспасы), айы немесе нөмірі (журнал, газет), жарық көрген жылы және беттің нөмірі.

Мақалаларды жариялау тегін.

Мақала мазмұнына автор жауапты болады.

 

Материалдарды мына мекен-жай бойынша жіберулеріңізді сұраймыз:
010008, Астана қ., Қажымұқан көшесі, 11

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (филология  факультеті),
тел.: +7 (7172) 709-500, ішкі: 32-301
e-mail:
conf_2018@mail.kz

8705-502-89-85 (Айжан Аккалиева)

8775-232-65-95 (Нұрмира Жұмай)