Халықаралық ынтымақтастық!

Ташкент халықаралық университеті мен Түріік мемлекеттері ұйымының TURKUNIB университеттері одағын басқару өкілдері онлайн кездесу өткізді. Бұл жиын білім саласындағы ынтымақтастықты нығайту және болашақ жоспарларды талқылау мақсатында ұйымдастырылды.

Жиында білім сапасын арттыру, ғылыми-зерттеу жұмыстарын және мәдени алмасуды дамытуға арналған жаңа бастамалар ұсынылды. Қатысушылар өз ой-пікірлерін білдіріп, келешектегі ынтымақтастық бағыттарын анықтасты.

Сонымен қатар, Түрік мемлекеттері ұйымының TURKUNIB университеттері одағының төрағалығына Ташкент халықаралық университетінің үміткері келесі екі жылға ұсынылды. Бұл — Өзбекстанның білім жүйесі үшін үлкен жетістік әрі халықаралық деңгейде білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтатын қадам.