Түрік кеңесі Түркі университеттері одағының IV. Бас ассамблеясы
Түркістан – түркі әлемінің алтын бесігі. Түрік кеңесі Түркі университеттері одағының IV. Бас ассамблеясы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университеті.
23-24 сәуір 2019 жыл, Түркістан, Қазақстан. Түрік кеңесі Түркі университеттері одағының IV. Бас ассамблеясы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университетінде өтті.
Бұл маңызды басқосуға Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Венгрия сияқты 15-тен астам мемлекеттен ректорлар, дипломаттар, халықаралық ұйымдардың өкілдері, эксперттер, ғалымдар, студент жастар, қоғам және мәдениет қайраткерлері қатысты.
Түрік кеңесі Түркі университеттері одағының IV. Бас ассамблеясы мәжілісі Түрік Кеңесінің Бас төрағасы Б.Амреев, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Өкілетті Кеңес төрағасы профессор Муса Йылдыз және университет ректоры профессор Болатбек Абдрасиловтың құттықтау сөзінен кейін өз жұмысын бастады.
Мәжіліс барысында, Түрік Кеңесі Түрік университеттері одағы шеңберінде жалпы түріктік білім және ғылымның бірыңғай желілік кеңістігін қалыптастыру, «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» сияқты жалпы түріктік рухани құндылықтарға негізделген білім беру бағдарламаларының үйлесімдігін қамтамасыз ету, сондай ақ, «Түркістан процесі» деп аталатын жоғары білім туралы дипломдарды өзара танудың оңтайландырылған механизмдерін енгізу туралы инновациялық жоба мәселелері талқыланады. Сонымен қатар пилоттық жоба болып келген «Орхун» академиялық ұтқырлық бағдарламасының кең көлемді ұтқырлық бағдарламасына айналдыру жөнінде нақты ұсыныстар енгізілді.
Мәжіліске қатысушылар тарапынан «ұлттық шекараларсыз сапаны бақылау» үлгісінде (әлемдік аккредитациялау агенттіктерінің мысалында) жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі жалпытүркілік аккредитациялау агенттігін құру ұсынысы қолдау тапты. «Білім беру қызметтерінің сапа жүйесін жақсарту мақсатында, келешекте дүниежүзілік трендтерге сәйкес оқу үдерістерін стандарттауға кепілдік бола алатын, жоғары оқу орындарымыздың беделінің күшеюіне септігін тигізетін жалпытүріктік білім кеңістігіне қызмет ететін тәуелсіз аккредиттеу агенттігін құру керек деп есептеймін», деді университет ректоры Б.Абдрасилов.
Түркі әлемінің жоғары оқу орындарының халықаралық рейтингтердегі жағдайына анализ жасағанда, дүниежүзілік білім беру кеңістігінде тиімді бәсекелесу үшін әрі мемлекеттік әрі Түрік Кеңесіне мүше университеттер деңгейінде оқу орындарының мүмкіндіктерінің және старттық позицияларының біркелкі еместігі байқалады. Осыған байланысты халықаралық рейтингтік агенттіктердің стандарттарына сәйкес университеттердің қызметтерін жетілдіру мақсатында өзара көмектесу және ынтымақтастықты дамыту жолдарын іздестіру қажет.
Ассамблея отырысында сөз сөйлеген халықаралық Elsevier компаниясының Орталық Азия және Әзірбайжандағы аймақтық басшысы А.К. Оспанова және Түркия Республикасы бойынша өкілі Айхан Саражоғлы оқу және ғылыми жұмыстардың сапасын жақсарту бойынша ЖОО және мемлекеттердің атқарып отырған әрекеттерін бірлестіру арқылы Түркі әлемінің университеттерінің рейтинг дәрежесін көтеру мүмкіндігі және осы бағытта компания тарапынан ЖОО әлеуетін арттыруға бағытталған қажетті қызметтерді көрсетуге дайын екендерін атап өтті.
Айта кету керек, осы жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университеті Түрік университеттері одағының кезең төрағасы болып табылады. Бас ассамблея іс шаралары аясында Түрік Кеңесі Жас көшбасшыларының ІІ. Форумы және Қазақстанда жастар жылының жариялануына байланысты Түркі әлемінің мәдениет және өнер фестивалі өтеді.
IV Бас ассамблея мәжілісінде Түркияның Кападокия университетінің, Түркияның Нигде Өмер Халисдемир университетiнің, Түркияның Гази университетінің, Әзірбайжан мемлекеттiк экономика университетінiң және Венгрияның Сегде университетінің Түркi университеттер одағына мүшелігі ресми түрде бекітілді.
Бұл іс шаралардың барлығы Түрік әлемінің алтын бесігі тарихи Түркістан қаласында өтіп жатқаны ерекше назар аударатын жағдай. Қазіргі таңда Түркістан күн өткен сайын әлемдік аренада инновациялық, технологиялық, халықаралық, мәдени және рухани байланыстарды бірлестіретін білім мен ғылымды ұштастыратын хаб ретінде алға ұмтылуда.
Мәлімет үшін: Түрік университеттері одағының негізі Түрік Кеңесі іс-шаралары аясында 2013 жылы қаланды. Қазіргі таңда Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркияның жалпы саны 19 жоғары оқу орны аталмыш Одақтың мүшесі болып табылады. Одақтың алғашқы жиналысы Түркияның Ататүрік университетінде өтті. Одақтың құзыретіне келесі бағыттар кіреді: Орхун студенттік ұтқырлық бағдарламасы, Түрік университеттер одағының спорттық ойындары және Түрік университеттерінің Студенттік Кеңесі. 2019-2020 жылы Одақтың кезең төрағасы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университеті.
Түрік Кеңесі, ресми сайт парақшасы: https://www.turkkon.org/en
Түрік университеттері одағы: https://www.turkkon.org/en/isbirligi-alanlari/education-science_4/turkic-university-union_14
Ахмет Ясауи университеті: http://ayu.edu.kz/